Кеншілер күні қарсаңында Қарағандыда үйлестіру кеңесі өтті

Қарағанды өңірінің салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысында «2021-2023 жылдарға арналған Қарағанды облысының әкімі, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері, кәсіпкерлер қауымдастықтары және облыстың жұмыс берушілері арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы», «Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «2022 жылғы Үздік ұжымдық шарт» республикалық байқау-конкурсқа қатысуы туралы», «Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының @KasipodaqMedia бейнестудиясы YouTube ақпараттық жобасына қатысуы және жазылу компаниясын ұйымдастыру туралы», «Қарағанды облысында Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы» мәселелер қаралды.

Талқылауға облыстық филиалдар мен жергілікті кәсіподақтардың басшылары, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес жұмыскерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік жұмыскерлері кәсіподағының төрайымы Вера Бородина, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова, көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы өкілдігінің төрағасы Абай Сабденов қатысты.

Кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?», «Еңбек қатынастары» республикалық акциясы аясында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына бару және «QAZAQSTAN KASIPODAǴY» кәсіподақ басылымына қатысты мәселелер қосымша қаралды.

Кеншілер күні қарсаңында Болат Жұмабеков «ҚАЗКӨМІРКӘСІПОДАҒЫ» көміршілер салалық кәсіподағының мүшелерін көп жылғы адал еңбегі және Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін I дәрежелі «КЕНШІ ДАҢҚЫ» төсбелгілерімен осы қиын кәсіптің еңбеккерлерін құттықтап, марапаттады: Марат Махамбетов бастапқыда «Северная» шахтасында, қазіргі уақытта Костенко атындағы шахтада жалпы алғанда 38 жыл тазалау орнында тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істеген; Петр Оленченко Т. Күзембаев атындағы шахтада жұмыс істеген, жұмыс барысында тек дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар болат тау-кен қазбаларының полимерлі анкерлік бекітілуі сияқты жаңа материалдар мен технологияларды қолдануды енгізе алды. Еңбек жолын «Шахтинская» шахтасында тау-кен шебері лауазымынан бастады, саладағы жалпы өтілі 42 жылды құрайды; Виталий Слюньков «Казахстанская» шахтасының 5-разрядты жер асты электр слесарі, бір кәсіпорында 38 жыл жұмыс істеді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Энергоуголь» өндірістік басқармасындағы реттеу және сынау жөніндегі инженер Амангелді Танкибаев – І дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» Төсбелгісімен марапатталды. Еңбек өтілі 38 жылды құрайды.