Кәсіподақ «Мектепке жол» акциясын өткізді

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымында ұжымдық шарт бойынша жылына екі рет көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арнайы қаражат қарастырылған.

“448 отбасы 1 қыркүйекке қарсы 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да көп баласы бар жұмыскерлерге (жасына қарамай мүгедек балалары мен күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоса есептегенде) бір оқушыға Қазақстан Республикасы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар зауыттықтардың өз бастамасы бойынша цех, бөлімше ұжымдары өздерінің қаражаттарына жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауда. Мектепке жол акция барысында кәсіподақ тарапынан қаламыздағы мектеп ұжымдарының өтініші бойынша 20 оқушыға рюкзак дайындадық”, – дейді біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров.

Кәсіподақ «Мектепке жол» акциясын өткізді

Компания көлемінде балаларға тарыдай ғана жасалып жатқан мерейлі ісіміз балғындарымыздың жүректерінде өзіндік ізін қалдыратыны сөзсіз.