Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

2022 жылдың 27 тамызында ҚР Ұлттық музейінде Конституция күні мерекесі мен білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ең алдымен Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов: «Бұл – ел Конституциясын құрметтейтін әрбір қазақстандық үшін маңызды мейрам әрі үлкен қуаныш. Осыған орай, сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», – деп құттықтауын жеткізді. Содан кейін А.Сыдықов үздік қызметкерлерді марапаттады.

Осы іс-шара аясында кәсіподақ комитеті мұражай әкімшілігімен бірлесіп «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Закира Молдабаева көпбалалы ата-аналарға және мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты аналарға материалдық қолдау көрсетті.

«Мектепке жол» акциясы мұражайда алтыншы рет өткізіліп отыр. Бұл жақсы дәстүрге айналды. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен және білім күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз, сіздердің және балаларыңыздың өмірінде күнделікті қиындықтарды жеңуге көмектесетін білім мен даналыққа әрқашан орын болсын», – деп Закира Молдабаева тілегін білдірді.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.