Конституция күніне орай “Манкент” шипажайында салтанатты шара өтті

Манкент Шипажайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төраға орынбасары Лесбай Қозбахов, «Манкент Шипажайы» АҚ мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бегзад Азизов және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Жиында Түркістан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара ары қарай шипажайда жылдар бойы қызмет етіп, еңбек жолында өз белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен үздік еңбек адамдарын салтанатты түрде марапаттаумен жалғасты.

Атап айтқанда, емдеу-сауықтыру саласына сіңірген ұзақ жылғы адал еңбектері үшін Жулдыз Кумисбекова, Айсулу Абдрахманова, Гульжан Жайдакбаева, Зинатай Юсупова аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, ел азаматтарының денсаулығын жақсарту бағытында атқарып келе жатқан еңбегі үшін Балтанияз Сатыбалдиева Түркістан облыстық маслихатының құрмет грамотасымен марапатталып мерейі тасыды.

Іс-шара соңында Түркістан облыстық «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Лесбай Қозбахов еңбектері еленіп марапатқа ие болғандарға құттықтау сөзін айтып, барша қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.