Кәсіподақ өкілдері ғылым және жоғары білім форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында “Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы” атты форум өтті.

Форумға қазақстандық білім және ғылым кәсіподақ қызметкерлерінің төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған бір топ аймақтық кәсіподақ өкілдері және жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып қайтты.

Форум жұмысына кәсіподақтың өкілдерін жаңа министрлік шақыруы әлеуметтік серіктестеріміздің әр қарай нығайтуға және үлес қосуға дайын екенін көрсетті. Жиын барысында ашық түрде көптеген мәселелер көтерілді, алдағы қойылып отырған бағыттар айқындалды.