Шымкентте үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Кеңестің Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «2022 жылғы үздік Ұжымдық шарт» атты конкурсына белсенді түрде қатысу, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 2022 жылдың қыркүйек айында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралау кестесі негізінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жайы талқыланды.

Бауыржан Ілімшеұлы жиын қатысушыларын алдағы келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, күн тәртібіндегі қаралатын іс-шараларды баяндап өтті. Үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелердің орындалу жолдары туралы төрағаның жасаған баяндамасы кеңес қатысушыларының назарына алынып, орындалатын жоспар тапсырмалары пысықталды. Жалпы отырыс соңында салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары өз ұсыныстарымен бөлісіп, жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.