«ҚуатАмлонМұнай» кәсіподақ ұйымы балаларға тарту жасады

Балалар жылындағы білім күніне орай «ҚуатАмлонМұнай» біріккен кәсіпорынының кәсіподақ ұйымы 105 кәсіподақ мүшесінің балаларына тарту жасады.

Кәсіподақ ұйымы шешімімен көп балалы кәсіподақ мүшелері балаларының мектепке даярлығына қажетті оқу құралдарын алуға он мың теңгеден қаражат бөлінді. Сонымен қатар, ұжым мүшелерінің арасында балаларын анасыз тәрбиелеп отырған үш әкеге кәсіподақ қаражатынан жүз мың теңгеден әлеуметтік көмек берілді.

«Кәсіподақ ұйымы қаражаты есебінен кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмектер жасау туралы шешімді әріптестерімізбен бірлесе, ақылдаса отырып шешеміз. Биыл Балалар жылы аталып өтіп жатыр, арамызда 105 әріптестеріміздің отбасылары көпбалалы отбасылар қатарында, және ұжымда балаларын анасыз бір өздері тәрбиелеп отырған әріптестеріміз бар, оқу жылы басталуы алдында оларға қолдау әбден қажет-ақ. Кәсіподақ ұйымы шешімімен сол әріптестеріміздің балаларына тарту жасадық», – деп әңгімеледі жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасы Айбек Әбдреев.