ҚРКФ төрағасы «YNTYMAQ» кәсіподақ көшбасшысының елеулі еңбегін атап өтті

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ омбудсмені Қайрақбай Жаңабековті қабылдады, ол бұған дейін «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымына басшылық жасаған болатын.

Кездесу барысында Сатыбалды Дәулеталин жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

ҚРКФ төрағасы әріптесіне салалық кәсіподақ ұйымын құру мен дамытуға тікелей атсалысқаны үшін алғыс айтып, облыстың Кәсіподақ орталығында басшылық қызмет атқарған кезінде Маңғыстау облысында әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Мұнай-сервистік компаниялардағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын дамытудағы тәжірибеңіз ағымдағы қызметке жақсы негіз болады», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Қайрақбай Жаңабеков өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясының басшылығына баға жетпес тәжірибе мен бірлескен жұмыс барысында қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Кәсіподақтар мен үшін үлкен өмір мектебіне айналды және осында алған тәжірибемді алдағы жұмысымда қолданамын», – деді Қайрақбай Жаңабеков.

Жиын барысында Сатыбалды Дәулеталин «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ ұйымының жаңадан сайланған төрағасы Төлеген Шайымовты да құттықтады. ҚРКФ басшысы оған сала кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бастаған бағытты жалғастыру жолында табыс тіледі.

 

ҚРКФ медиаорталығы