Түркістандық кәсіподақтар Президент Жолдауымен танысты

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.

Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келген бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік саладағы көптеген күрделі мәселелерге ерекше назар аударып, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, Қазақстанның болашағын айқындайтын реформалардың нақты бағдарларын атап өтті.

Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.