ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті Мұнай-газ кешені қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізді дүние жүзіне танытатын әлемдік энергетика саласының бірі –  мұнай мен газ болып саналады. Мұнай-газ кешені бүгінде мемлекет экономикасының негізі, елімізді әлемге танытар басты салалардың бірі.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері барлық саланың дамуына, инфрақұрылымдарды жетілдіруге, Қазақстанның өндірістік өнеркәсібі базасын жаңартуға барынша атсалысуда.

Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы мен отандастарымыздың әл-ауқатының жақсаруы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Еліміздің мұнай-газ саласында еңбек ететін азаматтар алда тұрған міндеттерді абыроймен атқарып, индустриялық-инновациялық дамуымызға үлес қосатынына сенімім мол.

Ел экономикасының басты тұтқаларының бірінде тұрған Сіздерді әрдайым құрмет тұтамыз. Жер қойнауындағы қара алтынды ел игілігіне айналдырған Сіздерге бүгінгі мерейлі мерекеде жемісті еңбек, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы                             С.Дәулеталин