Еңбек адамы – балабақша тәрбиешісі Майгүл Қалиева

Тәрбиеші – бала бағбаны, бүлдіршіндерге бағыт – бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. «Бала жүрегі» -кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек»- деп, қазақ ақыны М.Шаханов айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу,бүлдіршіндердің бойындағы дарынын ашу – тәрбиешінің міндеті.

Байғанин ауданындағы «Қарауылкелді» бөбекжай-балабақшасының «педагог-сарапшысы» Калиева Майгүл Ермекқызы бала жанының жүрегіне жол тауып, олардың өсіп, жан –жағын танып білуіне, танымының кеңеюіне, өмір жолына бағыт бағдар беруде өзінің ізденімпаздық қабілетімен танылып келе жатқан маман.

Майгүл Ермекқызы 2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және 2019 жылы С.Бәйішев атындағы университетін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»мамандығы бойынша тәмамдаған.

Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейде ұлттық сананы сіңіру, рухани құндылық қатынасын, отансүйгіштік пен ұлттық намыс сезімдерін қалыптастыру, қабілетіне қарай тұлға тәрбиелеп шығару тәрбиешінің басты міндеті. Бұл бағытта М.Е.Калиеваның тәжірибесінде өзінің ізденісімен өткізілетін әр тақырыптағы сабағы ұлттық тәрбие мен білімді ұштастыруға негізделген. Баланың танымын кеңейтуге, айналаны, пайдаланатын заттарды танып білу, оның жасалу жолдарын көрсету арқылы еңбекке баулу, балаларды ойын арқылы адамгершілікке, ептілікке, табандылыққа, намысты болуға тәрбиелеуді, сонымен бірге таланты, қабілеті мен икемдігілі басым баланың талабын одан әрі жетілдіруді көздейді.

Өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы мақсатында Майгул тәрбиешілік қызметте жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасауда. Мысалы, «Шебер қолдар» вариативтік бөлімі бойынша «Желкенді қайық» тақырыбында өткізген ашық оқу қызметі жаңартылған бағдарлама бойынша өтіп, балаларға желкенді қайық туралы, миға шабуыл әдісімен ФЛИПЧАРТ арқылы жетекшілік етіп, қайықты құрастыру , ермексазбен, жаңғақпен жасаудағы балалар шығармашылығы, қолөнер шеберлігіне баулып, дамуына ықпал етті. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында тәрбиешінің әр баланың командалық ауызбіршілігі, тапсырмаларды орындаудағы іс-әрекетке жауапкершілігі, айналадағы құбылыстарды танып білуге деген қызығушылығына мән берді.

Топтағы әр баланың жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылығын зерттеу, соған қарай әрекет ету, әр баланың сөздік қорын молайту, талап қоя білу, әр баланың қызығушылығы мен іс-әрекетін бағалау, оларға жауапкершілік пен мейіріммен қарау, тосын, оқыс жағдайларда әдіс-тәсілдерді қолдану, байқампаздығы мен қарым-қатынастағы мәдениеттілігі, ұйымдастыру қабілеті ұжым арасында беделді деп айтуға болады.

Өз ізденісі мен тәжірибесін бөлісуде М.Е.Калиева облыстық, республиканың педагогикалық басылымдарда бірнеше мақалалар жариялады. Іскерлік пен ізденісті қалыптастыруда Майгул «DARA QAZAQ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологиялар» атты конференциясына қатысып, жаңартылған білім беру аясында ұйымдастырған оқу қызметін ұсынып, 41 педагогтың арасында жүлделі ІІ орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды. Ел болашағы болып қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндерді аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық білім мен өнер додаларына қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби –педагогикалық оқулықтарға енгізген М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет етеін болғандықтан әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп айтқан екен. Демек, өз ұлты үшін, өз болашағы үшін еңбек етіп келе жатқан маман Майгүл Ермекқызын озық педагогикалық тәжірибені меңгерген, сауаты жоғары, тәлімді тәрбие бере алатын тәрбиеші және осы тәрбие ісінде еңбектің биігінен көрінеді деген сенімдеміз.