Кітапхана қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек мәселелері – Кәсіподақтар федерациясының ерекше назарында

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Жетісу облысы Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен онлайн кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, ақпарат және туризм қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова, Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сандуғаш Килибаева және «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қатысты.

Бастауыш ұйымның төрайымы айтып өткендей, кітапханада бастауыш кәсіподақ ұйымы 1948 жылдан бері жұмыс істейді. Ұйымдағы 26 қызметкердің барлығы – кәсіподақ мүшелері.

Кітапханада 2021-2022 жылдарға арналған ұжымдық шарт бар, онда қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге және оларға лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірқатар тиімді ережелер қамтылған.

Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сандуғаш Килибаева бастауыш кәсіподақ ұйымы мекеменің жұмысында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сөз кезегін алған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев салалық кәсіподақтың жұмысына жоғары баға беріп, бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, салалық кәсіподақтың ерекшелігі – ұйымшылдығы мен жоғары жауапкершілдігі екеніне тоқталды.

«Кітапханашылардың мәдениет саласындағы рөлі зор. Кәсіподақтар федерациясы өз тарапынан қарапайым еңбеккерлердің өзекті мәселелерін Үкімет деңгейінде көтеріп қана қоймай, шешімін табу жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береді», – деді Нұрлан Өтешев.

Ал салалық мәдениет, спорт, ақпарат және туризм қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова салалық кәсіподақ мәдениет қызметкерлерінің  мәселелерін шешу үшін күрделі қадамдар жасап жатқанын жеткізді.

Сөз соңында Әсет Қыдырманов Кәсіподақтар федерациясының еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамаларын атап өтті.

«Әрбір Еңбек адамының нақты қорғаны болуы тиіс Кәсіптік одақтар туралы заңды, Еңбек кодексін қайта қарау керек, ол әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша тиімді шаралармен жұмысшылардың нақты қорғаушысына айналуы керек», – деді Алматы облысының кәсіподақ орталығының» төрағасы.