Біздің отандастырымыз, Қостанай облысының тұрғындары табиғи апаттың салдарынан зардап шекті. Жүздеген адамдар үй-жайсыз қалды, әдеттегі өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды.
Қостанай облысының тұрғындары үшін осынау қиын күндері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардың барлық мүшелерін қиыншылыққа тап болған жерлестерімізді қолдауға шақырады.
Қостанай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Кәсіподақтар Федерациясының мүше ұйымдары табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуде.
Апаттың алғашқы сағаттарында Қостанай облысында орналасқан ҚРКФ мүше ұйымдары апат аймағындағы ауыл тұрғындарының бірінші қажеттіліктеріне 3 миллион теңге жіберді. Қазіргі таңда ауыл балаларын республикалық «Балдәурен» балалар лагеріне жіберу ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен ҚРКФ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсететін «Қайырымдылық KZ» қоғамдық қорына аударылады.
Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету және сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы оларға «Сосновый Бор» кәсіподақ шипажайына алдағы үш ай ішінде 50 жолдама береді.
Кәсіподақ мүшелері біздің бірлескен іс-әрекетіміз бен белсенді қолдауымыз Қостанай облысындағы орман өртінен зардап шеккен отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, өмірі мен денсаулығын сақтауға және олардың қалыпты өмірге тезірек оралуына ықпал ететініне сенімді. Құрметті қостанайлықтар, сіздердің бастарыңызға түскен қиын сынақтарды бірге еңсереміз!