Кәсіподақ төрағасы кітапхана ұжымының қал-жағдайымен танысты

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында, «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымына барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Аталмыш кездесуде сөз алған Бердіғали Өмірәлі, қатысушыларға мұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнатып, еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

Бұдан бөлек, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалар мен еңбек дауларының алдын алу бойынша түсіндірме берілді.

Сонымен қатар ұжымның қал-жағдайымен танысып, кәсіподақ мүшелеріне «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясындағы қазіргі таңда атқарылып жатқан кәсіподақ жұмысы жайлы қысқаша ақпарат беріп өтті.

Айта кетейік, бүгінде ұжымда 17 еңбеккер жұмыс атқарады. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.