Жаңа бастауыш ұйымын құру – кәсіподаққа деген сенім

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Капенов Успен ауданының «Константиновка арнайы әлеуметтік қызмет көрсету психоневрологиялық орталығы» КММ ұжымымен бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі бойынша кездесті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты аталған мекемеде 90-нан астам адам жұмыс істейді. Орталық психикалық ауытқулары бар 120 адамға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және интеграциялауға бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған.


Б.Капенов қатысушыларға кәсіподақ қызметі, әлеуметтік әріптестік туралы егжей-тегжейлі айтып берді, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының не үшін қажет екенін және оларды құру тәртібін түсіндірді. Орталық қызметкерлеріне бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына негіз болып табылатын сапалы Ұжымдық шарттың артықшылықтарын егжей-тегжейлі жеткізді.

Орталық басшысы А.Қосдәулетова өз сөзінде, сондай-ақ, қызметкерлерді бастауыш кәсіподақ ұйымына біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, жақын арада олар бастауыш ұйым мүшелерінің тілектерін ескере отырып, Ұжымдық шарт әзірлейтініне сендірді.