Кәсіподақ өкілдері “Аралтұз” ұжымымен кездесуде әлеуметтік-еңбек жағдайларын талдады

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов пен ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов “Қалың қалай, бастауыш ұйым?“ науқаны шеңберінде “Аралтұз” акционерлік қоғамы еңбек ұжымымен кездесті.

Кәсіпорында мыңнан аса жұмыскер еңбек етеді, оның 560 кәсіподақ мүшелері. Кездесу барысында жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайлары, кәсіпорындағы еңбек режимі, әлеуметтік мәселелері туралы әңгіме өрбіді. Өндірістің күнделікті жұмыс жағдайымен танысқан облыстық кәсіподақ бірлестіктері көшбасшылары жұмыскерлерді Еңбек күнімен, Кәсіподақтар күні мерекелерімен құттықтады.

Белсенді кәсіподақ мүшелеріне салалық кәсіподақтың, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің марапаттары табысталды.