Еңбек адамы – Байболова Клара Қасымқызы

Байболова Клара Қасымқызы – 1962 жылы 9 маусымда Талдықорған қаласы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары Талдыкорган қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік Педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуын тәмәмдәп, 1998-2001 жылдары Жаркент педагогикалық колледж бастауыш сыныпта оқыту мамандығы бойынша оқуын аяқтады. 1979 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Амангелді орта мектебінде жастар ісі жөніндегі жетекші, 1985 – 2010 жылдар аралығында Амангелді орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. 2010 жылдың 14 тамызынан бастап Алматы облысы, Көксу ауданы З.Тамшыбай ауылы «Айгөлек» бөбекжай -балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды. Осы тұстан бастап Клара Қасымқызы Байболова еріңбей еңбек етіп, өз ісінің ұшқыр ойыменен, шеберлігімен ұжымын әрдайым алға тартуда. Ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, білім мен тәрбиенің негізін түсіне алатын және ізденістік қабілетінің жоғары екенін көрсете білетін креативті басшы екенін атап өтуге болады. Жұмысқа деген талпынысымен ынтасы жоғары. Еңбек ұжымымен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

2016 жылы Көксу ауданы әкімінің «Құрмет грамотасы», білім саласындағы үздіксіз қызметі үшін 2019 жылы ҚР БҒМ «Алғыс хатымен», 2021 жылы «Нұр-Отан» партиясы «Алғыс хаты» және Құрмет грамотасымен, «Мектепке дейінгі ұйымның іскер көшбасшысы» аудандық байқауында 3 орын, Көксу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы Алматы облысы білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, 2019 жылы Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Клара Қасымқызы басқарып отырған мекеме төмендегідей жетістіктерге жетті. Көксу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырған «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауында 2 дәрежелі дипломмен марапатталған. 2020 жылы Республикалық «Тағлым» атты журналда «Сапалы білім кілті» мақаласы жарияланған. 2019 жылы Республикалық «Білім айнасы» журналында «Мнемотехника әдіс-тәсілдерін қолдану», 2018 жылы Республикалық журналында «Қазақстан ұстазы», «Мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық технологиялары», 2020 жылы Республикалық журнал «Педагог жаршысы», «Мектеп жасына дейінгі балаларды мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу», 2021 жылы Облыстық «Білім шапағаты» газеті, «Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» мақаласы жарық көрді. Ортасында сыйлы Клара Байболова әріптестеріне үнемі қолдау танытып, өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, жас мамандарды қанаттандырып келеді.