Кәсіподақ төрағасы бастауыш ұйымдардың көшбасшыларымен кездесті

Жезқазған аймақтық кәсіподағының аппараты Жаңаарқа ауданының орталығында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті.


Сұрақ-жауап форматында өрбіген кездесуде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі ұлт» Жолдауының басым бағыттарын, оның ішінде білім беру жүйесіне қатысты тұстарын кеңінен түсіндірді. Жолдауда орта білім сапасын арттыру, тәрбиешілердің мәртебесін көтеріп, ұстаздардың беделін одан әрі биіктету бағытында бірқатар ауқымды жобалар қаузалды.

Мемлекет басшысын жүктеген міндеттерді біркісідей жүзеге асыруға үлес қосуға дайын атасулық кәсіподақ белсенділерінің еңбек қатынастарына (уақытша еңбекке жарамсыздық, еңбек демалысы, аттестаттау, сауықтыру) байланысты сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Жиын соңында мерейлі жас иесі Маралдым Мүбәрәкқызына құрмет көрсетіліп, белсенді кәсіподақ мүшелері төраға Марат Қоңырбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.