Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

2017 жылы «Қазхром «ТҰК» АҚ – филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытына қарасты Ардагерлер кеңесі зейнеткерлер арасынан хор тобы құрылған болатын. Бұл хордың қалыптасуына сол жылдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Жамансары Мақашев мұрындық болған еді.

2019 жылы Наталья Оглобинаның жетекшілігімен «Поющие сердца» деген атпен хор тобы өз репертуарын толықтырып, аз уақыт ішінде құлақтан кіріп, бойды алар әсем әндерін тамылжыта орындап, көрермендердің көзайымына айналып, қуаныш сыйлап келеді. 5 жылдық тарихы бар «Поющие сердца» хор тобы мүшелерінің құрамы 13 зейнеткерден тұрады. Олар талғамға сай киімдермен қамтамасыз етілген. Репертуарындағы қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі әндерді нақышына келтіре орындап, компания және қала көлеміндегі барлық мәдени іс-шараларға белсене араласып жас ұрпаққа үлгі, өнеге көрсетіп, өздерін жаңа бір қырынан танытып келеді.

Аз уақыт ішінде өнер ұжымы көрермендердің көңілінен шығып, құрметіне бөленуде. Зауыт әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының қолдауымен топ әншілері арнайы концерттік көйлек, костюмдер, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.