Алматы облыстық ұйымында атқару комитетінің көшпелі отырысы өтті

Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы жұмыс жоспарына сәйкес көшпелі Атқару комитетінің отырысын өткізді.

Жиынға аудандық, қалалық филиалдардың төрағасы, атқару комитетінің мүшелері, облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері қатысты.

Алқалы отырыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын облыстық ұйымның мақсаттары мен міндеттері, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білім беру мекемелеріне жүргізілген бақылаудың мазмұны мен нәтижесі, Кербұлақ және Көксу аудандық филиалдардың құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс қағаздарының жүргізілу барысы туралы мәселелер қаралды.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданында ұйымдастырылған шараны облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, елдегі орын алған өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жариялаған Жолдауына қолдау танытып, облыстық ұйымның алдағы мақсаттары мен міндеттерін анықтап берді.

Алакөл аудандық филиалдың төрағасы Кенжебек Алпысбаев бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Жолдау талқыланып, сала қызметкерлері қолдағанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар еңбек қауіпсіздігіне жататынын айтып, білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындау, инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың жарамдылығын тексеру, мектепті қабылдау актісіне қол қою, оқытушылар құрамының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс міндеттерін бекіту және сала қызметкерлері үшін еңбекті қорғау ережелері оқу орындарында, сыныптарда, шеберханаларда, тренажер залында және т.б., оқу кабинеттерінде еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін жауапты тұлғалармен жұмыстар жүргізгенін жеткізді.

Ал, облыстық ұйымның бас маманы Маржан Жұмабек пен бас есепшісі Айгүл Арымбаева Кербұлақ және Көксу аудандық филиалдардың құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысып, іс қағаздарының жүргізілу барысы туралы баяндама жасады.

Көрсетілген мәселелер бойынша Атқару комитетінің мүшелері ұсыныстарын білдіріп, бірауыздан қажетті қаулыларды қабылдады.