“Еңбек жолы” байқауының өңірлік кезең жеңімпаздары марапатталды

Еңбек күніне орай Қостанай облыстық кәсіподақ орталығында “Еңбек жолы” республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқау жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек әулеттерін сақтау және көбейту, сондай-ақ “Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы” аясында еңбек адамының мәртебесін арттыруға ықпал ететін үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындады.


Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар “Үздік еңбек әулеті”, “Өндірістің үздік жас маманы”, “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” номинациялары бойынша анықталды. Олар өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру салаларының өкілдері болды.

Кәсіподақ орталығының мәжіліс залына жеңімпаздарды құттықтауға еңбек инспекциясы басқармасы, сондай-ақ өңірдің жергілікті және салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары келді, өйткені номинанттардың көпшілігі өздерінің бастауыш ұйымдарының белсенді мүшелері болып табылады.

“Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ төрағасы Ирина Аронова жиналғандарға құттықтау және алғыс сөздер айтты. Жеңімпаздарға Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтың қолы қойылған дипломдары табыс етілді.