Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем работника атомной промышленности

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Атом саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Атом өнеркәсібі – соңғы инновациялық цифрлық өнімдерді жасауға, «жасыл» энергетиканы дамытуға қатысатын экономиканың жетекші салаларының бірі. Сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекетке айналды.
Сіздер мамандыққа адалдық танытып, ерекше жауапкершіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз арқылы еліміздің атом саласының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ел экономикасының басты тұтқаларының бірінде тұрған Сіздерді әрдайым құрмет тұтамыз.
Баршаңызға заманауи технологиялық талаптарға жауап беретін озық жобаларды жүзеге асыру және инновациялық шешімдерді қабылдау жолында жетістік тілеймін!
Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин