Шымкентте «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

Кәсіподақ ұйымының басты міндеті – жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын және еңбектің қорғалуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек дауларын шешу.


Осы орайда, биыл жалғасын тауып отырған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек «Дива такси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, жағдайымен танысты.
Кәсіподақ мүшелеріне бүгінгі күні Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, ұжымдық шарт негізінде іске асырылатын жайлардан хабардар етті. Сонымен қатар, кәсіподақтар орталығында Заң клиникасы мен «Татуластыру орталығының» жұмыстары туралы түсіндірме берді. Кездесуде бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – еңбек қауіпсіздігіне де назар аударылды. Кәсіподақ мүшелеріне келісу комиссиясын құру, өндірістік кеңес, техникалық инспектордың жұмысы жөнінде мағлұмат берілді.

Жиын барысында кәсіподақ мүшелері өздерін қызықтырған сауалдарға жауаптар алды.

Айта кейік, бүгінде «Дива такси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалпы 90 қызметкер жұмыс атқаруда. Оның ішінде 40 азамат көлік жүргізеді. Жалпы барлығы кәсіподақ мүшелері.