Еңбеккер бейнесінде – Малдыбекова Абзелкан Мыркасимовна

Малдыбекова Абзелкан Мыркасимовна 1964 жылы 13 тамызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қырғызсай ауылында 10 жылдык мектепті бітірді.

1982 жылы Қырғызсай ауылында кірпіш заводында жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Осы жерде істеп, жоғары оқу орнына жолдамамен 1984 жылы Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1988 жылы кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқуды бітырген соң, Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлак орта мектебінде хатшы болып істеген. 1989 жылдын ақпан айынан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 1991 жылдан 1994 жылға дейін №2 кітапхана бөлімшесінде меңгеруші болып істеді. 1994 жылдың 1 қарашасында аудандық кітапханаға жұмысқа алынды. 2007 жылы осы кітапхананың библиографы болып, 2008 жылдан бастап оқу бөлімінің меңгерушісі болып, 2018 жылдын қыркүйек айынан бастап аудандық кітапхананың әдістемелік бөліміне ауыстырылды. 2019 жылдан осы уақытқа дейін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келеді. Кітапханада еңбек өтілі 34 жыл 10 ай.

Марапаттары: 2009 жылы “Нұр-Отан” ХДП партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқаны үшін мадақтамасы, Құрмет грамотасы 2014 жылы Ұйғыр ауданының мәдениет саласына еңбек етіп, оның дамуына үлес қосқаны үшін аудан әкімінің марапаты, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы облысы кітапхана ісінің дамуына және қоғамдағы рөлін арттырып, оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ү.Д. Мұңалбаеваның марапаты, Алғыс хат 2017 жылы 30 тамыз Конституция күніне орай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, жаңғырту жүйесіндегі мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қызмет саласында қажырлы еңбек еткені үшін аудан әкімінің марапаты, 2020 жылдың 18 қарашасында «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісінің иегері.