Балқаштық ұстаздар құрмет төрінде

Шәкірт жүрегіне жол таба білген ұлағаты мол педагогтердің кәсіби мерекесі Балқаш қаласында сән-салтанатымен аталып өтті. Қала басшысы Қайрат Қамзин бой көрсеткен мерекелік шара ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған сала ардагерлерін ұлықтаудан басталды.


Құттықтауымен жалғасып, ақ тілектер ақтарылған жиынның төрінен табылған бала жаны бағбандарының еселі еңбегі ҚР Оқу-ағарту Министрінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының, Қарағанды облысы білім басқармасының, Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен еленді. Сондай-ақ, бақытын бала оқытудан тапқан мұғалімдердің кеудесіне “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” белгісі тағылды.

Күй күмбірлеп, ән әуелеген шарада ұлттың ұлы ұстаздарының даналығы насихатталып, жас толқынға ой салды.