Кәсіподақ белсенділеріне – лайықты марапат

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен биылғы жыл «Әлеуметтік әріптестік» жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, Алматы қаласында «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жасап жатқан жұмыстарына және алға қойған міндеттерді талқылауға арналған республикалық конференция өтуде. Концеренцияға қатысушыларды Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев сөз сөйлеп құттықтады.


Осынау алқалы жиынға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы атынан да бір топ кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері қатысуда. Конференцияда аталмыш филиал төрағасы Майра Кашкенова кәсіподақтың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен медицина саласы қызметкерлерінің мүдделерін қорғау жөнінде баяндама жасады.

Осында федерацияның «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен Геолог емханасының дәрігері, кәсіподақ ұйымының ардагері Наташа Стамғазиева, ал, салалық кәсіподақтың «Кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен облыстық балалар ауруханасының дәрігері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Қадырғалиев марапатталды.