Кәсіподақ төрағасы энергетиктермен жүздесті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова «Қазэнергокабель» жергілікті кәсіподағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Д.Айтжанова кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі облыстық үшжақты комиссия құрамында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі, 135 мыңнан астам адам мүшелігі бар 1233 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін 17 салалық кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіру, еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздігін қоғамдық бақылау, ұжымдық шарттар жасасу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша кәсіподақ қозғалысы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Татуласу орталығының басшысы кәсіподақтардың құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша білімдерімен бөлісіп, еңбек заңнамасын түсіндіру және келісім комиссиясының мүшелерін оқыту бойынша кәсіподақтардың рөлін атап өтті.

«Қазэнергокабель» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы С.Шатских бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі туралы: ұжымдық шартты қабылдау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, озаттар мен еңбек ардагерлерін құрметтеу туралы айтты.

Кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова жиналғандарға жемісті кездесуі үшін алғыс айтып, жергілікті кәсіподақ бірлестігінің әрбір мүшесіне табыс тіледі.