Батыс Қазақстан облысында кәсіподақ мүшелері арасында спартакиада өтті

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен ҚР Кәсіподақтар күні, Ұстаздар күні және Қариялар күні мерекелеріне орай тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан облыстық спартакиада өтті.

Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен ойыншылар қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ төрағасы Марат Даупаев спорттық шараны салтанатты түрде ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі. «БҚО Кәсіподақтар орталығының» төрайымы  Айгүл Есекенова интеллектуалды спорт түрінің маңыздылығын ескеріп, барлық қатысушылыларға нәтижелі ойын тілеп, жігерлендірді.


Спартакиада соңында үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттар мен дипломадармен, медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тоғызқұмалақ және шахмат ойындары әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады. Сондықтан Қазақстан спортының дамуында аталған спорт түрлері ерекше орын алады.