Жамбыл облысында кәсіби мереке қарсаңында кәсіподақтар мүшелері марапатталды

Тараз қаласының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Осы мерекелік жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, облыстық Мәслихаттың аппарат басшысы Рүстем Қасымов, облыстық Еңбек инспекциясы басқармысының басшысы Жарылқасын Айтақов және облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Салтанатты жиында ашқан Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының биылғы жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялады. Бұл күндері Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еңбек адамына ерекше қамқорлық жасау, олардың сапалы өміріне қолайлы әлеуметтік жағдай туғызу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Дәл осындай жұмыстар біздің облыста да жүйелі түрде атқарылып келетінін айтты.

Ресми құттықтау шарасында кәсіподақ ұйымдарының белсенді өкілдері Жамбыл облысы әкімінің, Жамбыл облысы Мәслихатының, Еңбек инспекциясы басқармысының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің арнайы марапаттарына ие болды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерацияның құрамына 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және 23 салалық кәсіподақ кіреді, олар 17500 астам бастауыш ұйымын біріктіреді.

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі бүгінгі таңда облыс көлемінде экономиканың әр саласын қамтитын 14 салалық кәсіподақ ұйымдарының жұмысын біріктіріп, үйлестіріп отыр.

Бүгінгі таңға облыстағы кәсіподақ мүшелерінің саны 123,0 мың адамнан асты, 1366 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Жыл басынан бері 17 жаңа бастауыш кәсіподақ үйымдары құрылып, кәсіподақ мүшелеріміздің саны 747 адамға артты.

Жиын соңында Бағлан Жиенәілұлы салтанатты жиын қатысушыларына еңбектеріне жеміс, жұмыстарына табыс тіледі.