Кәсіподақ есепші мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады

6-қазанда еліміздің есепшілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Қай ұжымда да есепшілердің еңбегі ерен. Күрделі кәсіп иелері білім беру ұйымдарының да есеп-қисабын жүргізіп, ұстаздардың еңбек ақысын дәлме-дәл есептеп, өзге де маңызды міндеттер атқарып келеді.


Алға ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы есепшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.