Медиация және медиативтік құзыреттілік құралдары зерделенді

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруымен жанжалдарды болдырмау үшін медиация және медиативтік құзыреттер туралы семинардың спикері, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы-медиатор, «Қазақстан медиаторлар Қауымдастығы» ЗТБ бас директоры Жанділда Жақыпов сөз сөйледі.

Семинарға салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының, әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты.

Спикер өз сөзінде семинарға қатысушыларды «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-VII ҚР Заңы Медиацияны дамыту мәселелері Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды.

Жанділда Жақыпов семинар қатысушыларымен күрделі жанжалдарды шешуге қатысудың жеке тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың өзектілігі мен пайдалылығын оқытудың барлық қатысушылары атап өтті, өйткені еңбек дауы кезінде жанжалдардың алдын алу және татуласу дағдыларын кәсіподақтардың қызметкерлердің құқықтарын қорғауды табысты іске асыру үшін үнемі зерделеу қажет.