Маңғыстауда «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Еңбек жолы» байқауы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде дәстүрлі форматта өтеді. Байқауын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырады. «Еңбек Жолы» байқауының өткізудің басты мақсаты жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мақсатында үздік еңбек әулеттері мен белсенді өндіріс қызметкерлерін анықтау және қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен өнімді еңбекті ынталандыруға жәрдемдесу болып табылады.

Марапаттау рәсіміне Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алигер Инкаров және «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Кеншілік Данияр қатысты.

Байқау 3 номинациядан тұрды:
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, ең көп санды әулет таңдалады.
2) «Өндірістің үздік жас қызметкері» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1 – кезең аймақтық деңгейде өтті.
2 – кезең республикалық деңгейге сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өтеді.

Осы ережеге сәйкес «Еңбек жолы» байқайуына өңір кәсіпорындарының қызметкерлерінен өтінімдер қабылданды, олар бойынша облыстық комиссия өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтады. Құжаттар республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды одан әрі анықтау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

1. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаз Жақсығатов Мұратбай Жақсығатұлы болды. Жақсығатовтар отбасы Маңғыстаудағы мұнай саласын игеруге және дамытуға үлкен үлес қосты. Бір кездері таңдаған мамандығы тағдырға айналатын адамдар көп. Бірақ олардың арасында жаңа ұрпақ үшін өмірдің бастауы ретінде жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсете отырып, бүкіл әулетті осы мамандыққа енгізе алғандарды табу оңай емес. Мұратбай Жақсығатұлы осындай адамдар санатынан. Ол өзінің 50 жылға жуық еңбегін мұнай саласында өткізді. Осы еңбек жолы үшін Жақсығатовтар әулеті Маңғыстау облысының мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірнеше марапаттарға ие болды.

2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаз Тоғызаев Нұрлан Райұлы болды . Ол «Арман» бірлескен кәсіпорны ЖШС-де 20 жылдан бері жұмыс істейді. Осы еңбек өтілі жылдарында Нұрлан Райұлы адал және білікті қызметі үшін бірнеше марапаттарға ие болды. 20 жылдық еңбек жолында бірнеше жас мамандарды тәрбиелеп, үздік тәлімгер атанды.

3. «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаз «Қазақтелеком» АҚ қызметкері Маратов Манарбек Шаттықбекұлы болды. Жас, бірақ тәжірибелі маман, еңбекқор және адал. Еңбекқорлығының арқасында ол үлкен жетістіктерге жетті және бірнеше марапаттарға ие болды.

Байқау жеңімпаздары облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлының байқауға белсенді қатысқаны және жеңгені үшін алғыс хаттарымен марапатталды.