Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем библиотекаря

Құрметті кітапханашылар!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – білім мен ғылым ордасы саналатын кітапхана қызметкерлері үшін айтулы күн. Биыл елімізде алғаш рет 24 қазан – Кітапханашылар күні болып бекітілді.

Көптен күткен жаңалықты еліміздің түкпір-түкпірінен кітапхана жүйесінің қызметкерлері зор қуанышпен қарсы алды. Себебі, бұл мереке – рухани әлемнің дамуына үлес қосып жүрген кітапханашылардың елеулі еңбегінің лайықты бағасы.

Бүгінде елімізде «кітапханашы» мамандығының мәртебесіне баса назар аударылуда. Бұл мәселені шешуде кәсіподақтардың атқарған рөлін де айрықша атап өткен жөн.

Кітапхана рухани білім мен мәдениеттің ордасы ретінде қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Ал осы орайда кітап пен кітапханаға өмір сыйлайтын кітапханашылар – ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасындағы алтын көпір деуге болады.

Сіздер өздеріңіздің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында оқырмандар арасында білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосып келесіздер.

Сіздерге бүгінгі мерейлі күні еліміздің игілігі жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңізде толайым табыстарға жетіп, кітапханашылар мәртебесі әрі қарай арта берсін деп тілеймін!

Әрқашанда дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі болсын!

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы  Сатыбалды Дәулеталин