Шымкентте үшжақты комиссия отырысы өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен қалалық кәсіподақтар орталығында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның отырысы өтті.

Алқалы отырысқа комиссия мүшелері «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Біржан Әзімбердиев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Копжан Турлыбеков, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің орынбасары Есимжан Занкоев, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Балтабай Смайлов, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер өңірлік өкілінің орынбасары, «Электроаппарат зауыты» ЖШС-і бас директорының орынбасары Альберт Толщин, «Қазақстан Әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы төрайымы Баян Жандосова, «Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Тургинбаева, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы Ерғозы Батырбеков, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қаласы филиалының төрағасы Манахов Абдурайра, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Руслан Шерімов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде қала кәсіпорындарына шетел жұмыс күшін тарту және еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы жағдайдың жайы қаралды.

Отырыста күн тәртібіндегі мәселелерді қараудан бұрын қоғамда еңбек адамының ролін көтеруге бағытталған «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Еңбек жолы» конкурсы номинациясы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша І орын – Усенхан Аубакиров, ІІ орын – Нұржан Акимов, ІІІ орын – Аманқұл Назым, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша І орын – Калдыкул Кулжанова, ІІ орын Света Жумашева, ІІІ орын Фаиль Исабаев, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясына І орын Шынар Бекетаева, ІІ орын Ләйлә Досымбекова, ІІІ орын Ерсайын Дөненбайға бұйырды.

Жиында күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары К. Тұрлыбековке берілді.
Оның пайымдауынша, Шымкент қаласына 2022 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 294 бірлік квота бөлінгендігін, бүгінде квотаны 21 кәсіпорындар мен ұйымдарда 136 шетел жұмыс күші пайдаланып отырғандығын, қазақстандық қамту пайызы 98%, ал тартылған шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 94,1% құрайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, Кедендік одақтағы мемлекеттерден келіп жатқан азаматтар туралы айтып өтті.

Келесі мәселе бойынша Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов пен «Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек жыл басынан бері атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, қала аумағындағы еңбек ұжымдарындағы жағдай туралы баяндап өтті.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов баяндамасында 2022 жылы Шымкент қаласы аумағындағы кәсіпорындармен ұйымдарда экономикалық жағдайға байланысты жұмыскерлерді жаппай қысқарту орын алмағандығын, жаппай қысқартуға байланысты арыз-шағымдар тіркелмегендігін, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 48 кәсіпорында 1337 жұмыскердің 219,6 млн. теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелгендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, ағымдағы кезеңде 272 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 294 бұзушылық анықталып, 23,4 млн.теңгеге 118 әкімшілік айыппұл салынып, 21,6 млн. теңгеге 113 айыппұл өндірілгендігін, нәтижесінде жыл басынан бері 1054 жұмыскердің бұзылған құқықтары қорғалғандығы көрсетілді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті кәсіпорындар өкілдері тыңдалды. Комиссиямен қабылданған шешімдер ресми рәсімделіп, орындауға жолданатындығы келісілді.