Кәсіподақ еңбек ардагерлерінің бастамаларына қолдау көрсетті

Жаз бойы тынымсыз еңбек етіп, бақшаның бабын келтіріп жүрген зейнеткерлер арасында «Алтын күз» атты көкөністерден жасалған бау-бақша өнімдерінің көрмесі мерекенің шырайын шығарды. 6қарт зейнеткерлер өздерінің фантастикасын қоса отырып көкөніс, жеміс-жидектермен әрлеп, әдемілеп, қолдарынан жасалған шығармашылықтарын көрерменге паш етті. Көрме жоғарғы деңгейде өткізілді.


“Жылдағы дәстүр бойынша ардагерлер арасында көкөністер көрмесі биыл да өз жалғасын тапты. 50 жылға жуық уақыт бойы огород, жеміс-жидекотырғызумен айналысып келемін. Саяжайда өзімізге қажетті алма, алмұрт ағаштарының 3-4 сортын, көкөністің неше түрлісін өсіреміз. Жаз бойы еңбегіміздің жемісін көрсететін мүмкіндік туды. Бау-бақшамен айналысатын зейнеткерлер көкөністерді күтіп-баптау жайында бір-бірімізбен ақыл-кеңес беріп отырамыз”, – деп ой бөлісті Виктор Купцов.

Осы шара аясында көрмеге қатысушылар көкөністерді күтіп-баптау әдістерімен өзара пікір алмасты. «Алтын күз» байқауының қорытындысы бойынша 1-орынға Виктор Купцовтың сан алуан көкөніс түрлері, гүлдері көрермендердің көзайымы болды. Ол өзінің көрмеге әкелген өнімдерін және оның құрамында қандай дәрумендер бар екендігін келушілерге түсіндіріп, тіпті «Саяжай маусымы» деген өзінің өлең жолдарын жеткізді. 2-орынды Виктор Горбенко, Галина Грабар өзара бөлісті. 3-орынды Людмила Сугутова, Кабир Юсупов, Виктор Новиченколар қанағат тұтты.