Шырайлы шымшаһарда болашақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамына кіру үшін алғашқы келісім шарттар даярланып, басшыларымен келіссөздер жүргізілген болатын.

9 қараша жұмыс күні соңында «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев «Туркестанская Транспортная Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен арнайы кездесіп, кәсіподақ ұйымы жайлы толық ақпарат беріп, жұмысшыларға кәсіподақ қатарына қосылудың тиімділігі жайлы айтып өтті.
Бүгінде «Туркестанская Транспортная Компания» автобус паркі 34 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысады. Компания қабырғасында 1200 адам қызмет жасайды.
