Кәсіподақ жастары арасында тартысты жарыс өткізілді

Талдықорған агротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен жастардың моральдік, жігерлік және физикалық қасиеттерін нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына ықпал ету мақсатында «Ерікті болу ерлік» эстафеталық спорттық ойыны өткізілді.

Шараға облысының кәсіподақтар орталығының «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері, Талдықорған қаласының ЖОО мен кәсіптік және техникалық оқу орындарының ерікті жастары қатысты.


Жарыс қорытындысы бойынша І орынға Талдықорған Жоғары медициналық колледжі, ІІ орынға Талдықорған агро-техникалық колледжі, ІІІ орынға Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі және Талдықорған Жоғары политехникалық колледжі ие болды.