Хромтауда бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

«Восход-Ориел» компаниясының бастауыш кәсіподақ ұйымының қайта сайлау жиналысы өтті. Оған Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А.Әмірғалиев қатысты.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы жұмыс нәтижесімен, ұйымға жүктелген бірқатар міндеттердің атқарылуымен және жеткен жетістіктерімен бөлісті. Залда отырған жұмысшылар көкейіндегі ойларын айтып, нақты жауап ала алды.


Көпшіліктің дауысы мен ұсынысы ескеріліп, «Восход-Ориел» компаниясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып бірауыздан Лариса Высоцкая сайланды.

Жиын соңында бастауыш ұйымның атқарған жұмысына оң баға берілді. «Восход-Ориел» компаниясы – еліміздегі ірі жобалардың бірі. Олар «Восход» кенішіндегі жерасты руднигінде хром кенін өндіреді. Өнім кәсіпорынның кен байыту комбинатына жеткізіледі.

«ҚРКФ – Еңбек адамының құқықтары мен мүддесін қорғай отырып, еңбек қауіпсіздігін жақсартып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамытуға үлес қосатын бірден бір ұйым. Біз әрдайым жұмысшылардың лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушімен ынтымақтастықта еңбек етеміз», – деп атап өтті жиынға қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А.Әмірғалиев.