ҚРКФ Төрағасының Ұлттық валюта – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!

Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Теңге – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.

Осы орайда төл теңгеміздің айналымға енуі – еліміздің экономикасының даму жолына түскендігінің айғағы болып табылады, нарықтық қарым-қатынасты дамыту мен тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді.

Ел экономикасын дамыту туралы айтар болсақ, оның күретамыры – жүз жылға жуық тарихы бар қаржы жүйесін сөз етпеуге болмас. Әлбетте, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметі болмайды, болу мүмкін емес.

Сіздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да  зор үлес қосып келесiздер.

Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға  амандық, қаржылық қызметте тұрақтылыққа және биік белестерге жетулеріңізге тілектеспін.

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                    Сатыбалды Дәулеталин