Бейсенбі күні, 24 қарашада Әзірбайжан астанасы Бакуде «Тұрақты даму саласындағы кәсіподақтардың саясаты мен іс-әрекеттері» атты тұрақты даму саласындағы субаймақтық Еңбек академиясының тренингтері аяқталды.
Халықаралық тренингке қатысушылар, Қазақстан, Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері үш күндік семинардың бағдарламасын қорытындылай келе, қорытынды күні кәсіподақтың ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күресу» аясында климаттың өзгеруіне байланысты қабылданған барлық іс-әрекеттер үшін экологиялық тұрақты экономика және қоғамға әділетті көшуді қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.
«13 мақсат – адамзаттың даму процесі мен өмір сүруіне үлкен қауіп төндіретін қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі – климаттың өзгеруі мәселесін шешу», – деп атап өтті ҚРКФ делегациясының спикерлері Қазақстандағы климаттың өзгеруінің көрінісі, өзгерістердің халықтың өмір сүруіне және экономика секторларына әсері туралы өз баяндамаларында.
Халықаралық сарапшы Эвелин Тоттың жетекшілігімен өткізілген көрсетілім және топтық жұмыс тренингке қатысушы мемлекеттерде экологиялық тұрақты экономикаға көшу бойынша қабылданған шараларды зерделеуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ «Бейбітшілік пен әлеуметтік әділеттілік жолындағы ынтымақтастық пен диалог» сессиясы аясында ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері пікір алмасты. Қатысушылар бейбітшілік тұрақтылық пен өркендеумен тікелей байланысты және кәсіподақтардың бұл ретте үлкен рөл атқаратыны туралы ортақ пікірді білдірді.
«Оқыту үшін қойылған тақырыптың өзектілігі, тренингті ұйымдастырушылар ұсынған бағыттар бойынша жаңа зерттеулердің нәтижелерімен танысу, Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан кәсіподақтарының жұмысының халықаралық тәжірибесін қарастыру, ТДМ мәселелері бойынша кәсіподақ қозғалысының БҰҰ-мен өзара іс-қимылы – Бакудегі оқытудың айрықша белгісі болды», – деп атап өткен ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева семинарды ұйымдастырғаны үшін Халықаралық еңбек ұйымына алғысын білдірді.
Еске салайық, ұлттық кәсіподақ орталықтары өкілдерін оқытуды ХЕҰ Халықаралық оқу орталығы ұйымдастырады.
ҚРКФ медиаорталығы