Кәсіподақ төрағасы Алғыс хатпен марапатталды

«Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Әбілқайыр Сотқаров Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың Алғыс хатымен марапатталды.

Бақытбек Смағұлдың арнайы аманатын, Алғыс хатын табыстау, ізгі ниетін білдіру мақсатында облыстық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасынов өндіріс орнына арнайы келіп табыстап, металлургтерге деген ыстық лебізін білдірді.

«Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Әбілқайыр Сотқаров Ауған соғысы ардагерлеріне қайырымдылық іс-шарасына және жастарды отандық патриотизмге тәрбиелеу жолындағы ерен еңбегі үшін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың Алғыс хатына ие болды.

Алғыс хатта “Ауған соғысы ардагерлеріне көрсетіліп отырған қайырымдылық іс-шараларға қолдау көрсеткеніңіз және жастарды отандық патриотизмге тәрбиелеу жолындағы ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін” делінген.

“Бұл марапат маған және менің ұжымыма көрсетілген құрмет деп білемін”, – дейді біріккен кәсіподақ бірлестігінің төрағасы.

Өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында әрдайым жарқын істерімен кәсіподақ ұйымының жұмысын дөңгелетіп, өзгелерге үлгі болып жүрген, кәсіподақ ұйымының төрағасын лайықты марапатымен әріптестері қуана құттықтады.