«Луганск» ӨК Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнін атап өтті

«Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы П.Сурма және Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Г.Атабаевамен бірлесіп Павлодар ауданының «Луганск» өндірістік кооперативінде Ауыл шаруашылығы қызметкері күнін мерекелеуге қатысты.


«Луганск» өндірістік кооперативі – Ертіс өңірі аумағындағы ең ірі және Қазақстанда танымал заманауи көп салалы ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Кәсіпорын дәнді дақылдарды өсірумен, асыл тұқымды мал мен сүт бағытымен айналысады. Ірі сүт зауыттарымен ынтымақтасады. Оның кең техникалық паркі және заманауи өндірістік базасы бар. Ұжымды Петр Петрович Кузьменко сәтті басқарып келеді. Шаруашылық ұжымында ветеринариядан агрономияға дейін әрқайсысы өз саласын жетік меңгерген, өз саласының мамандары қызмет етеді. Кәсіпорын «Парыз» конкурсының бірнеше мәрте қатысушысы, өңір, облыс және Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосады. Бұл кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйымы 30 жылдан астам жұмыс істейді.

Дәстүр бойынша, өндірістік кооператив Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнін жаппай атап өтеді. «Луганск» ӨК ұжымын аудан әкімі Ержан Иманслям жылы лебізімен құттықтады. «Луганск» ӨК көркемөнерпаздар күштерімен, сондай-ақ республика байқауының лауреаттары – «Луганочка» ансамблімен концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында кооперативтің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, шаруашылықтың үздік қызметкерлері анықталды.

Үздік ұжымдық шартқа байқау қорытындысы бойынша «Луганск» ӨК ұжымы республиканың ауыл шаруашылығы саласында I орынға ие болды.

«Луганск» ӨК төрағасы Петр Кузьменко ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚР Ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі үшін» наградалық белгісімен және ауыл шаруашылығы министрінің алғыс хатымен марапатталды. «Еңбек Даңқы» салалық наградасымен механизатор Шрайнер Давид Рудольфович және дәнекерлеуші Щербенев Степан Васильевич марапатталды. «Құрметті Ардагер» наградалық белгісімен зейнеткер, еңбек ардагері Щербаков Владимир Михайлович марапатталды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының Құрмет грамоталарымен 7 қызметкер марапатталды.