Кәсіподақтар күші – бірлікте

Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев, «ПМХЗ» ЖШС «мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы М.Хамитов келді.


“AMANAT” партиясының өкілдері мен еріктілерімен, «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Чигвинцевамен бірге жылытылмайтын пәтерлер мен үйлерде тұратын азаматтардың өтініштері бойынша олардың тұрғылықты жеріне жылыту үшін қажетті техникалық құрылғылар мен тағамдық термостар жеткізілді.

«Тек бірігіп туындаған қиындықтарды жеңеміз. Қаһарлы аязда жөндеу бригадаларының жұмысшылары жоғары кәсібилікпен жұмыс істейді. Кәсіподақ бірлестіктері жөндеу бригадаларының жұмысшыларына ыстық тамақ ұйымдастыру арқылы, жалғызбасты еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жылытқыштар жеткізу арқылы қолдау көрсетуде. Біздің күшіміз – ынтымақ пен бірлікте!», – деп Екібастұз қаласындағы апатты жоюда еңбек еткен барлық жұмысшыларға Д.Айтжанова алғысын білдірді.