Кәсіподақ екібастұздықтарға қолдау көрсетуде

Екібастұз қаласына «Павлодар облысы бойынша «Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының делегациясы барды.

Мақсаты бір – жылу желілеріндегі апат салдарынан жылу беруден ажыратылған үйлерде тұратын аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету.

“Мен Павлодар облысының тау-кен металлургия кәсіпорындарының металлург-әріптестеріме бүгін бірге көрсеткен қолдауымыз үшін өте ризамын. Қиын жағдайда қолдау мен көмек біз үшін ең маңызды. Біз біріккенде, жеңілмейміз!” – деп «Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының Павлодар облысы бойынша орынбасары Р.Даумова атап өтті.


Павлодардан «Ресанта» майлы еден радиаторлары, «Оаsis» электр жылытқыштары, «SilverCrest» конвекторлары тапсырылды.