Зорлық-зомбылыққа қарсы акция жалғасуда

Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай Мұғалжар ауданындағы білім беру ұйымдарында кәсіподақ қолдауымен іс-шаралар өткізілді. Әр мекемеде осы акцияға байланысты пікірсайыс, тренинг, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылып, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында психолог, медбике, әлеуметтік педагогтер белсенділік көрсетті.


Қоғамда белең алған өзекті мәселеге байланысты шаралар Қандыағаш қаласындағы №5 ЖББОМ, “Жансая” , “Күншуақ”, “Самал” , “Әділ”, “Айгөлек №7” балабақшалары т.б. мекемелерде өтті. Басты мақсат – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, заң бұзушылықтардың алдын алып, өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған ардақты ана, асыл жар, аяулы қыздарымызға құрмет көрсету болып табылады.