Әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарында маңызды рөл атқарады

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қостанай қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қостанай қаласындағы кәсіподақ ұйымдарының қызметі, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша 2022 жылдың 11 айы ішіндегі жұмыс қорытындылары, жалақы бойынша берешек туралы мәселелер қаралды.

Қазіргі таңда Қостанай қаласында салалық және жергілікті кәсіподақтардың 10 аумақтық құрылымы жұмыс істейді, олардың құрамында жалпы саны 16 мыңнан асатын 194 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Кәсіподақтар қатысатын кәсіпорындарда ұжымдық шарттармен қамту деңгейі 100% құрайды. Жыл басынан бері 15 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Қалалық кәсіподақтар 36 семинар өткізді, мыңнан астам адам оқытудан өтті. Кәсіподақ орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың 146 өтініші қаралды. Барлық келіп түскен өтініштердің 85% – ы оңынан шешілді. 4 адам жұмысқа қайта алынды.

Комиссия мүшелері әлеуметтік әріптестік шеңберінде қаланың еңбек ұжымдарында, оның ішінде орта және ірі бизнес саласында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

01.12.2022 жылғы жағдай бойынша Қостанай қаласында 1 кәсіпорында («ТСК» Титан» ЖШС) 48 қызметкердің алдында 2,7 млн. теңге мөлшерінде жалақы бойынша берешек бар.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалық үшжақты комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.