Түркістанда бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев және «ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гульнара Тлеубердиева Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.


Жиында қызметкерлердің еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев бастауыш кәсіподақ ұйымының тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кететін жайт, бүгінде мекеме директоры Сакен Султановтың басқаруымен ұжымда 82 қызметкер жұмыс атқарады. Олардың барлығы жүз пайыз кәсіподақ мүшелері.