Шымкентте әлеуметтік сала қызметкерлерінің мәселелері сөз болды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының жоспарына сәйкес «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің басшысы Бекболат Амалбекұлы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Маратқызы және орталықтың қызметкерлері қатысты. Орталықта жұмыс жасайтын 129 адам толығымен кәсіподақ мүшелігіне кірген.

Мекеменің жұмыс берушісімен, яғни басшының және жұмыскерлер атынан кәсіподақ ұйымы төрайымының арасында 2022-2025 жылдарға арналған ұжымдық шарты жасалып, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен. Бүгінде әлеуметтік әріптестер арасындағы міндеттемелер тараптармен толығымен орындалып, жүзеге асуда.

Кездесу барысында өткен жиында еңбек қатынастарына байланысты мәселелер қаралып, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына орай, Филиал төрағасы әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табысталды.

Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Салтаев Бекболат Амалбекұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Жорабекова Үрзия Ергешқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысы Сарсембаев Мақсат Құрманғазыұлы марапатталды.