Шымкенттік кәсіподақ мүшелерінің белсенді қызметі атап өтілді

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры Мұхтархан Қобланбекұлы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Сабитханқызы және мекеменің қызметкерлері қатысты.

Мекемеде жұмыс жасайтын 89 адам толығымен кәсіподақ мүшелігіне кірген.

Мекеменің жұмыс берушісімен, яғни директордың және жұмыскерлер атынан кәсіподақ ұйымы төрағасының арасында 2021-2024 жылдарға арналған ұжымдық шарты жасалып, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен. Бүгінде әлеуметтік әріптестер арасындағы міндеттемелер тараптармен толығымен орындалып, жүзеге асуда.

Кездесу жиынында еңбек қатынастарына байланысты мәселелер қаралып, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына орай, Филиал төрағасы әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табысталды.

Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ділдәбеков Мұхтархан Қобланбекұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының шаруа ісі-жөніндегі орынбасары Жолдықараев Самат Жарылқапұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еден жуушысы Құдайбергенова Шолпан Әмзеқызы марапатталды.