Салалық кәсіподақ төрағасы жұмыс сапарымен Ақтөбеде болды

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Егор Каппель Ақтөбеге жұмыс сапарымен келіп, бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесті. Кездесу барысында еңбеккерлердің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап берді. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және т.б. еңбек ұжымдарымен кездесіп, ұзақ жылдар жемісті еңбек атқарып келе жатқан ардагерлер мен бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне алғысын білдіріп, төсбелгілермен марапаттады.


Кездесу барысында бірлесе атқарылып жатқан кәсіподақ жұмысына оң баға берілді.

«Кәсіподақтар әркез қарпайым еңбек адамының құқығын қорғауға мейлінше атсалысады. Әлеуметтік әріптестік жылы аясында жұмыс берушілермен бірлескен шаралар ұйымдастырылды. Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатарында белсенді жұмыс атқарып отырған кәсіподақ мүшелеріне ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті Егор Яковлевич.